12-14 наурыз аралығында біздің балабақшада “Наурыз мейрамы” мерекесі қарсаңында “Асар” акциясы өтті. Акцияға ата-аналар мен балабақша қызметкерлері белсенді қатысты. Іс-шара барысында азық-түлік, тәтті тағамдар, сабын жуғыш заттар, киім-кешек, кеңсе тауарлары және дамыту ойындары жиналды.
17 наурызда жалпы күш жігермен жиналған барлық нәрсе Павлодар қаласының отбасы үлгідегі балалар ауылының балаларына және әйелдерге арналған дағдарыс орталығына берілді.
Тәрбиеленушілеріміздің ата-аналарына және балабақша қызметкерлеріне “Асар” қайырымдылық акциясына белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Сіздің қолдауыңызбен жауаптылығыңыздың арқасында біз мұқтаж адамдарға пайда әкелетін маңызды және игі істі бірге жасай алдық.